Хабар телеарнасы

«Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Биыл V мәрте өткен әдеби бәйгені Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйымдастырған. Ережеге сай байқауға еш жерде жарияланбаған туындылар қабылданды. 18 бен 35 жас аралығындағы қатысушылардың туындыларына елімізге танымал мәдениет қайраткерлері, қаламгерлер қазылық етті. «Үздік проза» аталымында Қанат Әбілқайыр мен Досхан Жылқыбай жеңімпаз атанса, «Балаларға арналған үздік шығарма» номинациясында Марат Сейілханов, Асылан Тілеген, Мирас Асанның еңбектері дараланды. «Үздік поэзия», «Үздік драматургияда» Бекзат Смадияр мен Аршын Нұрбақов оқ бойы озық болды. Ал «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» арнайы жүлдесіне Нұртас Тұрғанбек ие болды.

Азат Шауев, Елбасы қоры жанындағы мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің директоры:

- «Алтын тобылғы» байқауы 2015 жылы басталды. Алғашқы жылдары 40-50 шығарма түссе, биыл 167 шығарма түсті. Оның ішінде қазақша, орысша да бар. Әр шығармаға 10 балдық системамен баға қойылады. Шығарманың көркемдігі, идеясы, тақырыпқа сай болуы керек.