Хабар телеарнасы

Президент жастармен кездескенде әлеуметтік волонтерлік мәселесін көтерді

Сондай-ақ әлеуметтік волонтерлік туралы да мәселе көтерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елімізде шамамен 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оларды қолдауға мемлекет осы жылы 34 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Дегенмен мәселе тек қаржыландыруда емес. Еңбекке қабілетті азаматтар аптасына тым болмағанда 2 сағатын әлеуметтік волонтерлікке арнап, осы адамдарға назар аударуы қажет. Волонтерлікті ұлттық ауқымда ғана емес, әрбір қалада, ауылда дамыту қажет. Волонтерлер балалар алаңдарын сырлап, үйлердің кіре берістерін, аумақтарды қоқыстан тазалап, қарт адамдарға немесе ерекше қажеттілігі бар адамдарға көмектесе алады.