Хабар телеарнасы

Сенат АӘК туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады

Олардың құжаттарын дұрыс тексермеген 200-дей учаскелік комиссия қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Ол жайлы Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Жаңа жылдан көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамай төленеді. АӘК әр 3 ай сайын тағайындалмақ. Елде тепсе темір үзетін 30 мың ер адам осы көмекке сеніп, жұмыссыз отырған көрінеді. Жаңа талап бойынша мемлекет ұсынған жұмыстан не жеңілдетілген несиеден бас тартса, бір мүшесі үшін бүкіл отбасы атаулы көмексіз қалады.