Хабар телеарнасы

ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды

Ақордада олардың кеуделеріне «Барыс», «Парасат», «Құрмет», «Достық» төсбелгілері тағылды. Мәртебелі марапат иелері арасында ғылым, білім, мәдениет пен денсаулық сақтау салаларының өкілдері бар. Олар – соңынан мыңдаған адамды ерте алатын көшбасшылар, ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтар. Атағына ешкім таласпас, кәсібінде қамшы салдырмас жүйріктер. Мемлекеттік хатшы бұл сыйлық ел дамуындағы еңбектің бағасы екенін айтты.

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Бұл еңбек – География институты, Қазақ аграрлық университетінің көп жылдан бері жүргізілген ізденісінің нәтижесі. Атап айту керек, ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан су ресурстары басқару, болжау саласындағы 30 томдық ауқымды монография жарық көріп отыр.