Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей азаматқа мемлекеттік награда табыстады

Тұңғыш Президенттің көмекшісі Абай Бисембаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды, ал Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері атанды. Қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды марапаттаған Елбасы олардың әрмен қарай ел игілігі үшін талмай еңбек ететіндеріне сенім білдірді.