Хабар телеарнасы

Бурабай баурайында «Қансонар» бүркітшілер сайысы басталды

Сондықтан оған еліміздің құсбегілерінен бөлек шетелден де спортшылар қатысуда.

Дамир Берікұлы, тілші:

Биылғы байрақты бәсекеге көрші Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінен қыран құс баптап жүрген қандастарымыз келіп отыр. Ал жалпы қатысушылардың саны 40 шақты. Жарыстың мақсаты да айқын. Ол – қазақтың осы бір төл өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Дәл қазір менің жанымда сайыстың  төрешісі Марат Қойшин ағамыз тұр. Жарыстың ережесін сол кісіден сұрап білейік.

- Марат аға, қатысушылар қандай бағыттар бойынша сынға түседі? Соңғы жылдары құсты аңның өзіне емес, теріне салып жүрсіздер. Бұл құстардың қызығушылығын азайтып жібермей ме?

Марат Қойшин, төреші:

- Жалпы биылғы бәсеке Тәуелсіздік күніне және ақмолалық атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлын еске алу құрметіне орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Ал оның Бурабай баурайында өткізілуінің өзіндік себебі бар. Ондағы мақсат: курортты өлкенің туристік әлеуетін одан әрі арттырып, келушілердің қатарын көбейту. Жарыстың қорытындысы бойынша халықаралық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушысы «Нива» көлігін қанжығасына байлайды. Ал жүлделі орындар 300-500 мың теңгелік ақшалай марапатталады.