Хабар телеарнасы

Ел азаматтарына мемлекеттік наградалар табысталды

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Роза Рымбаеваға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Қуанышқызын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қаулыда: «Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылсын», – делінген. Сондай-ақ «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақмыс корпорациясының» кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишевке де берілді.