Хабар телеарнасы

Алматы облысында картоп алқабы 38 мың гектарға жеткізіледі

Биыл өңір шаруалары 290 тонна жоғары сұрыпты тұқым егіп, одан 17 мың тонна өнім алды. Бұл элиталық картоп алқабын 600-ден 5 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Дала еңбеккерлеріне қолдау көрсету мақсатында 164 техника беріліп, 6 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Соның көмегімен шаруалар күзгі және көктемгі егістік науқанын дер кезінде бастап, ойдағыдай аяқтайтын болады.

Айта кетейік, өңірде өндірістік картопты жандандыру жұмыстары екі жыл бұрын басталды. Сол кезде Нидерландыдан элиталық картоп тұқымы әкелініп, қожалықтарға  үлестірілген болатын.

Ербол Әбішев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- 34 мың гектар егістік алқапқа картоп егілді. 780 мың тонна картоп жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі артып отыр. Бұдан өндірілген өнім көлемі де жоғары. Шетелдерден репродукциялы картоп әкелініп, оны егіп жатырмыз.