Хабар телеарнасы

Түркістан облысында жаңадан тағайындалған жәрдемақыны 90 мыңға жуық отбасы алады

Көпбалалы отбасы санатына енді қосылған отбасылар жаңа туылған балаларының куәлігін, өздерінің жеке бас құжатын және қаржы түсетін банктік шот номерін алып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тіркелуі қажет.

Гүлвира Айтуова, көпбалалы ана:

- Бұған дейін тоқсандық көмекті алып келгем. Енді жәрдемақының жаңа түріне құжат тапсырдым. 15 минут уақытым кетті. Мұндағыларға да алғысым шексіз. Енді бұл үлкен көмек болады деп есептеймін.

Амантай Егембердиев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ облыстық филиалының ресми өкілі:

- Сонымен қатар өздерінің аты-жөндері баланың деректерімен сәйкес келмеген жағдайда неке қию куәліктерін, неке бұзу куәліктерін қоса әкеліп, осы ХҚКО-ға өткізетін болады. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жәрдемақы алған азаматтар жаңа баласы үшін де ақы өзгеріп түсуі үшін құжаттар тапсыруы тиіс.