Хабар телеарнасы

Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысты

Ташкентте өткен басқосуда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Түркіменстан президенттері осындай шешім қабылдады. Осымен екінші рет ұйымдастырылған аймақ елдері көшбасшыларының жиынында Елбасы бірқатар бастама көтерді. Тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді, Орталық Азия күнін белгілеуді ұсынды.

Қай мемлекет болсын, ең әуелі іргедегі елмен байланысты бекітуге, ортақ мәселелерді шешуге мүдделі. Бұл жерде бірлік керек. Бірлікті бекемдеуге бейілді бес елдің пейілін кездесудің эмблемасы аңғартады. Гүлдің бес жапырағы болып таңбалаған бес елдің ісі берекелі болса, тұтас аймақ гүлденеді деп тұрғандай. Сосын кеше ғана қабақ шытқан, бүгін жадырап сала берген Ташкенттің күн райынан да, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтің қол алысуынан да ерекше жылылық байқалады.

Көксарайға бірінші болып келген Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан басшысы жеке отырып пікірлесті. Халықаралық, аймақтық ахуалды айтпағанның өзінде, өзара қарым-қатынасты тереңдетуге қатысты кеңесетін мәселе көп.

Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі. Атауы Консультативтік болғанымен, интеграциялық байланыстарды тереңдетуге талпынған мемлекеттер үшін маңызы зор кеңес екені былтырғы жиыннан-ақ аңғарылған. Өткен жылы Қазақстанда болған басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев: «Ішкі өңірлік проблемаларымызды біз үшін ешкім шешіп бермейді», – деп біраз жайттың көбесін сөксе, биыл Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкенттегі жиынға арнайы келген Елбасы өзекті деген мәселелерге назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я предлагаю подумать и заключить «Договор о добрососедстве и сотрудничестве в целях развития Центральной Азии в XXI веке». В этом основополагающем политическом документе должны быть отражены базовые принципы и цели нашего взаимодействия. В соглашение войдут и положения о взаимном уважении суверенитета, независимости и территориальной целостности наших стран.

Сауда-экономикалық ықпалдастық. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижелі. Бірден болмаса да, біртіндеп жолды кес-кестейтін кедергілер жойылып келеді. 70 млн-нан астам тұрғыны бар Орталық Азия ортаңқол нарық емес. Сондықтан аймақ елдері өзара алыс-берісті арттыруға ерекше мән беріп отыр.

Діни экстремизм, халықаралық терроризм, есірткі саудасы. Ауғанстандағы жағдай тағы бар. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірінші кездесуін өткізуді ұсынды. Орталық Азия – дамып келе жатқан аймақ. «2025 жылға қарай өңір халқының саны 78 млн адамға жетеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бір қуанарлығы жастар көп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Тауарлардың, қызметтердің және капиталдың қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау арқылы кедергісіз Орталық Азияны қалыптастыру керек.

Тауар. Қызмет. Капитал. «Осы үш саладағы кедергілерді келісе отырып жойсақ, сыртық сауда айналымы 50-60% өседі», – деді Елбасы. Игілігін тұрғындар көреді. Тауарлар сатылып, кәсіпорындар жұмыс істейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ұсынысы – Наурыз мейрамы қарсаңында Орталық Азия елдерінің күнін белгілеу.

Төрт елдің он студентіне Қазақстан 40 грант бөледі. Осылайша елдегі маңдайалды университеттерде білім алуға мүмкіндік жасамақ. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдердің басшыларын Түркістанға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Колыбель тюркского мира – город Туркестан переживает сейчас свой новый ренессанс. При этом он несомненно сохранит свою культурно-историческую и духовную сердцевину. Мы обретем в его лице прекрасный мегаполис, который станет нашей общей с вами новой гордостью. Поэтому, приглашаю глав братских государств Центральной Азии посетить этот древний город осенью следующего годаМәтін: Әуелі жеке құрамда, содан соң кеңейтілген құрамда жолыққан бауырлас елдердің басшылары ақылдаса келіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Консультативтік кездесулердің Құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешімге келді.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Тәжірибесі мол, аймақтағы жағдай мен әлемдегі ахуалды жақсы білетін құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулеріне жетекші болуы пайдалы шешім деп санаймыз. Бұл шешімді бәріміз бірауыздан қолдаймыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрметті төраға болады.

Біздің ел әркез аймақтағы көптеген ықпалдықтастыққа бастамашы болды, себебі мемлекеттің интеграциялық процесін әрі қарай өрбітуге әлеуеті жеткілікті. «Қазіргі жағдайды стратегиялық тұрғыдан дұрыс бағалап, саяси ерік-жігер танытып, өзара диалогты қайта жаңғырудың аймақтық интеграцияны алға жетелеудегі маңызы зор», – дейді сарапшылар.

Равшан Назаров, Өзбекстан ғылым академиясы бөлім меңгерушісінің орынбасары:

- Ондаған жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мәрте аймақтық интергацияны күшейтетін бастама көтерді. Өңірдің тарихи тұтастығын сақтап қалу ісінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өз үлесі бар деп санаймын. Себебі әрбір бастама мемлекеттер арасындағы бауырластық, достық байлынысты бекемдеуге негіз бола алады. Әрине, саяси-экономикалық реформалар уақытында Орталық Азиядағы елдер түрлі қиындықтармен бетпе-бет келгені белгілі. 80-ші, 90-шы жылдары өңірде қарулы кикілжіңдер болуы ықтимал деген болжамдар айтыла бастады, дегенмен көшбасшылардың ерік-жігерінің арқасында, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік рөлін ерекше атап өткім келеді, алапат қақтығыстарға жол берілген жоқ.

Жаһандық болсын, аймаққа ортақ мәселелер болсын, Орталық Азия елдерінің көзқарасы көбіне-көп бірдей. Халықаралық деңгейде бір-бірінің бастамаларын үнемі қуаттап отырады. Сан саладағы байланысты саябырсытпау үшін өңірлік ұйымдар аясында жиі кездесу өтеді. Соның бірі – Орталық Азия елдері көшбасшыларының консультативтік кездесуі.

1990 жылдан бері Орталық Азия елдері басшыларының 25 кездесуі өтті дейтін болсақ, солардың бас-қасында Нұрсұлтан Назарбаев жүрді. Бұл жолы да тұтас аймақтың ынтымағын нығайтатын бірқатар бастама көтерді. Жиыннан соң кездесуге келген мәртебелі меймандар Ташкентте ағаш отырғызды. Бірліктің тамыры тереңге тартсын деген ниет болса керек.

Дархан Әбдуахит, тілші:

- Бұл жолғы жиынға бес елдің көшбасшылары түгел жиналды. Былтыр Қазақстанда болған алғашқы кездесуде жыл сайын, тұрақты түрде жолығып тұрамыз деп уағдаласқан. Ерте көктемге жоспарланған басқосуды қарашада өткізудің сәті енді түсті. Бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Орталық Азиядағы бесеу осыны жақсы түсініп отыр.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Еділ Ермекбаев, Хасен Омарқұлов, Айдос Ентебеков