18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Мемлекет басшысы дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті

  • Категория: Сюжеттер
Baskosu

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті.

Басқосу Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде 2019 жылдың еліміз үшін аса маңызды болғанын атап өтті. Әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешім мен биліктің ауысу процесінің бейбіт жолмен жүзеге асқанына тоқталды. «Сондықтан Тұңғыш Президент негізін қалаған дамудың стратегиялық бағдарынан айнымай, сабақтастық, әділеттілік және өрлеу құндылықтарына берік боламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биыл Мемлекет басшысы сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға және Қытайға арнайы сапармен барып, нәтижелі келіссөздер жүргізді. ШЫҰ-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, ТМД саммиттеріне қатысты. Ал алдағы күндері Қырғыз Республикасы мен Германияға барады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйледі. Сол ауқымды шара аясында бірқатар елдің басшыларымен кездесті. Бұдан бөлек биыл елімізге Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның мемлекет және үкімет басшылары келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2019 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билікке басшылардың жаңа буыны келуі үшін тарихи шешім қабылдады. Өткен Президент сайлауы саяси жүйеміздің тұрақтылығын және демократиялық даму жолымыздың мызғымастығын бүкіл әлемге танытты. Биліктің бейбіт жолмен берілуі Қазақстанды тың серпінмен дамытуға мүмкіндік тудырды. Біз Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған дамудың стратегиялық бағдарынан айнымай, сабақтастық, әділеттілік, өрлеу құндылықтарына берік боламыз. Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алды. Мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделді.

Сондай-ақ...