Хабар телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының жиынына қатысты

Себебі реформалардың бәрі аймақтарды дамытуды көздейді. Елбасы Nur Otan партиясының өңірлердегі филиалдарының өкілдерімен кездесіп, нақты мақсат-міндеттерді атады. Сонымен қатар Елбасы партияның кадрлық резервін іріктеу жобасының маңызына тоқталды. «Ал мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кем дегенде 30% әйел мен 20% 35 жасқа дейінгі жастар енуі тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Нақты істің партиясымыз», – деді Елбасы. Ал нақты істі бастауға, аяғына жеткізуге мүмкіндік мол. Бекітілген стратегия, түзілген жоспар, бөлінген қаражат бар. Алайда бар дүниені ақылмен ұқсата білу қажет. Елбасы ең әуелі осыны айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы идем к тому, чтобы децентрализовать власть. Чтобы на месте решались многие вопросы. Не апеллировали все время к центру. Наша политика заключается в том, чтобы все больше дать власти возможностей на местах. Там виднее, где что построить.

Nur Otan басы-қасында жүрген, Nur Otan бастамашы болған іс көп. Қолға алынған әрбір жұмыстың жай-жапсарын халыққа кеңінен түсіндіру қажет екенін айтты. Билік партиясының мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, белсенділік танытуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Активность, вот называется ядерный электорат. Активно поддерживающих людей должно быть больше. И правильно выдвигать таких людей, которые идут сознательно, не потому что партию поддержать, как говорят, власть поддержать, а страну поддержать, свой народ, спокойную жизнь, государство поддержать, чтобы наши дети не гибли на войнах, чтобы кровь не проливалась, чтобы экономика развивалась. Вот за что выступаем.

Аймақтарда мән беретін мәселе көп. Елбасы бұл тұста халықтың мұң-мұқтажына құлақ асуды, жергілікті жұртқа жиі есеп беруді бөле-жара атады. «Қандай жағдай болмасын, ең әуелі халықтың мүддесін қорғау керек», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Бізде жасыратын ештеңе жоқ. Елге барымызды да, жоғымызды да ашық айту керек. Барлығы мына халықтікі. Кезекте тұрған халықтың барлығын сырып тастап, көпбалалы отбасыларға үйлерді берейік деді. Ол қалай болады сонда? Басқалары ше? Қаншама жыл жұмыс істеп, үйге кезекте тұрғандар. Олар көне ма екен соған?

Жергілікті жердегі жұмысты жүйелендіру – партияның негізгі міндеттерінің бірі. Ол дегеніміз – халықпен тікелей байланыс орнатып, қордаланған көп мәселені шешу. Бұл партияның ғана емес, облыс, аудан, қала әкімдерінің тізе қосып, бірге атқаратын шаруасы екенін айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Әкімшіліктер партияны пайдаланып, елмен жұмыс істеп, партияның дәрежесін көтеру үшін келісілген мәселелерді шешіп отырса, халық та, әкім де халық арасында абыройлы болады.

Өңірлердің өмірін жақсартудың бір жолы – ауылдың жағдайын түзеу. «Ауыл – ел бесігі» жобасының ең әуелгі көздегені осы. Инфрақұрылым тартып, әлеуметтік нысандарды көбейтудің нақты жоспары анық. Бұл бағдарламаға 7 млн-нан астам тұрғыны бар 3,5 мың елді мекен іріктеліп алынды. Бұлар болашағы бар ауылдар санатына жатады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Тау бөктеріндегі қаншама үйге апаратын жол сала алмаймыз. Мектеп, аурухана сала алмаймыз. Оларды көшіріп әкелген тиімді. Олар неге одан қашады? Егер қалаға көшсең, барлығы да болады. Балаға мектеп, аурухана да болады. 2026 жылға дейін ауылдарды дамытуға 2 трлн теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.

Ойлаған іс орындалса, 2026 жылға дейін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың барлығы толық жаңарады. «Бұл – халықтың мәселесін шешу деген сөз, әкімдіктер осы іспен айналысуы керек», – деді Елбасы. Сонымен қатар алдағы үш жылда халықты ауызсумен қамту үшін 560 млрд теңге ақша бөлінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Егер осы қаражатты нақты жұмсап, керек жерге беретін болсаңдар, 2023 жылдың соңына қарай ауылды жерлердің барлығы сапалы ауызсумен қамтылады.

Қазіргі Қазақстан – транзиттік ел. Бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. 12 мың шақырым авткөлік жолы, 2,5 мың шақырым теміржолдың құрылысы соған айғақ. «Транзиттен түскен жылдық табыс 1,5 млрд доллар десек, 2025 жылға қарай оның пайдасы 5 млрд долларды еңсереді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мән берген тағы бір мәселе – шағын және орта бизнес. Оның экономикадағы үлесі қазір 27%, келешекте 50% жеткізу міндеті тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Осыны қарыштата отырып 51% жеткізетін болсақ, еліміз тұрақты болады. Неге? Жеке бизнес – «өзімдікі» деген сөз. Өзінікін адам қорғайды. Сондықтан шағын және орта бизнестің ауқымы 50%  жоғары болса, ел тыныш болады.

Әр аймақтың, әр ауыл мен қаланың сайлауалды бағдарламасын әзірлеуді тапсырды Елбасы. Содан соң келесі жылы өңірлерді дамытудың бағдарламасы аяқталып, жаңасы әзірленеді. Мәслихат сайлауымен тұспа-тұс келген құжат мазмұны халықтың шынайы мұң-мұқтажын ескеруі керек.

Әбдез Иманқұлов, Nur Otan партиясы Шымкент қ. Қаратау аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасары:

- Кеңейтілген отырыста партияны қайта жаңғырту бойынша жоспар құрылған болатын. Бүгін міне соның алғашқы қорытындылары жасалды. Жергілікті жердегі партия мүшелері заманның ағысына қарай болып жатқан өзгерістерді екшеп алды.

Партияның кадрлық резервін іріктеу жобасы. Халықаралық тәжірибені зерттеп, жан-жақты талдау жүргізілді. Шетелдік партияларда «праймериз» аталатын науқанның маңызына тоқталды Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңайына топтасуға шақырды.

Алда партияның съезі. Оған дайындық қазірден жүріп жатыр. Сайлау науқаны қарсаңында жұмыс күшейе беретін болады. Жиын соңында Елбасы нұротандықтарды «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттады.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Айдос Меделбеков, Хасен Омарқұлов, Айдос Ентебек