18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Қарағанды облысында дәрігерлік қызметтің қымбат түрлері қолжетімді болды

Meditsinalyk saktandyru kory

Қарағанды облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі негізінде дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады.

Соңғы 2 айда өңірдің 6 мың азаматы жоғары технологиялы диагностикалық тексерістен өткен. Жаңа жүйе әзірге Қарағанды облысында ғана жүзеге асырылып жатыр. Келер жылдың қаңтарынан бастап өзге де өңірлерде қолға алынбақ. Жобаның ең әуелі кенді өлкеде басталуы кездейсоқ емес. Мұндағы емдеу мекемелерінің жұмысы 100% цифрлық жүйеге көшкен. Мамандардың айтуынша, облыстың 1 млн-ға жуық тұрғыны сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған. Оларға тиісті қаржыны мемлекет аударып отырады. Ал тұрақты жұмысы бар тұрғындар табысының 1% қорға аударып отыруы тиіс. Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған кәсіпкерлер де бұған мүдделі болуы керек.

Ержан Нұрлыбаев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұған дейін компьютерлік томография, өзге де тексерілу ақылы болатын. Қазір учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тегін өтуге болады. Айталық, жаңа жүйе енгізілмей тұрып медициналық қызметтің бұл түріне Денсаулық сақтау басқармасы арқылы квота берілетін. Балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге айына шамамен 100 квотадан үлестіретінбіз. Қазір барлығы тегін. Бүгінгі күні осы аппараттарда тексерілгісі келетіндер саны 3 есеге өсті. Екі айда 6 мың адамды қарадық.

Сондай-ақ...