Хабар телеарнасы

Елбасы Швейцария Конфедерациясы президентімен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді талқыға салды. Швейцария – экономикасы ілгері дамыған мемлекет және Қазақстанның басты серіктестерінің бірі. Сондықтан кәрі құрлықтағы бұл елмен өзара қарым-қатынасты жақсарту маңызды. Кездесуде Тұңғыш Президент бірнеше сала бойынша уағдаластыққа қол жеткізуге болатынын айтты. Өз кезегінде Швейцария Президенті арадағы байланысты бекемдеуге дайын екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я приветствую Ваш визит в Казахстан. Я многократно посещал Вашу страну. Швейцария – один из крупных и важных торговых партнеров Казахстана. Ваша страна всегда поддерживала нас. Казахстану необходимо продолжать налаженное сотрудничество. У нас есть много проектов, которые могут заинтересовать швейцарский бизнес.

Ули Маурер, Швейцария Президенті:

- Екі мемлекет арасында достық қарым-қатынас орнаған. Бірнеше маңызды кездесу өткіздім. Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған келісімдер жасалды. Бұл біз үшін өте маңызды.