Хабар телеарнасы

Асқар Мамин тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

Тұрғындар негізінен электр, су және инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер көтерді. Айталық, Ақмола облысы, Талапкер кентінің тұрғыны Күмісжан Мифтахова 14 мыңнан астам халық тұратын елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесін қозғады. Ал Атырау қаласынан келген кәсіпкер Өтеміс Жұмағалиев Атырау-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша әуе билеттерінің құнын төмендетуді сұрады. Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғыны Базаркелді Анисов Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде көпір салу туралы өтінішпен келген. Премьер-Министр алдағы уақытта азаматтардың өтініш-тілектеріне шұғыл әрекет ету үшін Үкімет мүшелеріне Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларында халықпен жүйелі түрде кездесулер өткізуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Өткен аптада Алматы облысында іссапармен болдым. Осы мәселені қарап шықтық. Жоспарымыз бойынша қысқа мерзімде құжаттарды әзірлейміз. Бір жылдың ішінде көпір салып үлгереміз деп ойлаймын. Көпірді келесі жылдың аяғына дейін тапсырамыз.