Хабар телеарнасы

Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы заң жобасы мақұлданды

Енгізілген нормаларға сәйкес, ТМД елдері арасында ақпарат алмасу орталық кеден мекемелері мен аумақтық кеден органдары арасында да тікелей жүзеге асырылады. Қазақстаннан ТМД елдерінің шекаралық мекемелеріне жылына мыңға жуық сауал жолданса, елімізге 1,5 мыңдай сауал түседі. Олардың дені шекарадан өту дерегін растау не кедендік декларацияларға қатысты. Ал заңға енгізілген нормалар ақпарат алмасу жүйесін жеңілдетіп, сауалдарға жауап алу мерзімін қысқартуды көздейді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:

- 1994 жылы қабылданған құжатқа сәйкес кедендегі ақпарат алмасу жүйесі тек орталық кедендік органдар арқылы жүргізілген. Нәтижесінде бір сауалға жауап алуға 6-8 ай кетеді. Сондықтан жаңа келісімде кедендік бақылау жүйесіндегі сауалдарға жауап беру мерзімін бір айға дейін қысқарту қарастырылған.