Хабар телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы дебатта баяндама жасады

200-дей елдің Президенті мен Үкімет басшысы қатысатын жиын жалпы дебатқа арналады. Қозғалатын тақырып – қоршаған ортаны қорғау мен кедейліктен арылу және тұрақты даму жолдары. Осы тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз ұсынысын жеткізіп, саяси бастамалар көтереді.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысады. Ол жиын басталып та кетті. Мемлекет басшысы сол жиында мәлімдеме де жасайды. Мінберге 11-ші болып көтеріледі. ҚР Президентінің кестесінде бес бірдей екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Швейцария, Болгария, Польша, Грузия, Финляндия мемлекеттерінің басшыларымен келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесу өтеді.