Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Реуспубликасының Президенті:

– Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының биік мінберінен үндеу жолдау – мен үшін зор мәртебе. Бүгінде БҰҰ ғаламдық даму және өркениеттер сабақтастығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарып келеді. Бас хатшы Антонио Гутерриштің әр адам мен мемлекет тағдырын ортақ құндылық деп тауып, назардан тыс қалдырмау идеясын Қазақстан толық қолдайды.