Хабар телеарнасы

Елімізде әр тоғызыншы азамат жәрдемақы алады

Ғалия Жабағина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ана мен баланы қолдау басқармасының жетекшісі:

- Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мониторинг жасау барысында министрліктерге шығып, тексеру жүргізілді. Тексерулер барысында бірнеше факті тіркелді. Кейін «Е-халық» ақпараттық жүйесі арқылы көмек берілген азаматтарға мониторинг жасалды. 74 мың отбасының әлеуметтік жағдайы анықталды. Барлық іс жергілікті атқарушы органдарға берілді. Қазіргі таңда 18 мың отбасыға беріліп жатқан АӘК тоқтатылды. 14 мың отбасыға ақпараттарды егжей-тегжейлі тексеру бойынша уақытша тоқтатылып тұр. 31 мың отбасыға АӘК көлемі қайта есептелді.

Тұрғындардың әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін заңсыз әрекеттерге барғандары да анықталды.

Ғалия Жабағина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ана мен баланы қолдау басқармасының жетекшісі:

- Бұл жерде барлық азамат үшін бір ғана себеп айту қиын. Дегенмен бұл құндылықтың бұзылуы деп санаймыз. АӘК негізінен аз қамтылған отбасыларға беріледі. Жұмысы мен табысы бар азаматтардың мұндай әрекетке баруы қынжылтады.