Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасынан «Central Asia’s Got Talent» жобасы көрсетіледі

Бұл жобаға жасы мен тегіне қарамастан, кез келген өнерлі адам қатыса алады. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарына арналған таланттар шоуы 5 кезеңнен тұрады. Шоу жеңімпазы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болып, миллиондаған көрерменнің көзайымына айналады.

Осы жексенбі «Хабар» арнасында кешкі сағат 19:15-те, Central Asia’s Got Talent шоуының тұсауы кесіледі. Қапы қалмаңыздар!