Хабар телеарнасы

Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазір аударма ісі де ақсап тұр. Осы жайттарды зиялы қауым өкілдері Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кездесуде көтерді. Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, оларды міндетті әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету жайы да айтылды. Айта кетейік, жиын Азия елдері жазушыларының форумы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ кездесуде әдебиет пен өнер саласында қолға алынатын іс-шаралар реті де баяндалды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Елордада тұңғыш рет жазушылар аллеясы ашылады. Одан кейін Жазушылар одағының ұсынысымен жергілікті әкімдікпен келісіп, осы жерде Жазушылар одағының орталығын, яғни филиалын ашу жоспарда бар. Қаламақы және оның тираждары жөнінен басқа да тапсырмалар берілді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз.

Шәрбану Құмарова, жазушы: 

- Бізде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазушылардың қолжазбаларын белгілі бір қаламақысын төлеп сатып алады. Кітаптың қашан шығатынын жазушы анық білмейді. Ал жарыққа шықпаған жағдайда 70 жылға дейін қолжазбасының авторлығынан айырылады. Оны аудартуға, басқа жақта шығаруға құқығы жоқ. Осы мәселе негізінен біздің жазушыларда қолайсыздық тудырып отыр.