Хабар телеарнасы

Еуроодақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді демократияландыру бастамаларын жоғары бағалады

Бұл туралы арнамызға сұхбат берген Еуропарламент делегациясының басшысы Фульвио Мартушиелло мәлімдеді. «Қазақстан Еуроодақ пен Орталық Азия арасында алтын көпірге айналды», – дейді сарапшы.

Фульвио Мартушиелло, Еуропарламент делегациясының басшысы:

- Еуроодақ демократияны дамытудағы Қазақстанның мүмкіндіктеріне сенеді және осыған байланысты ел басшылығы қабылдаған барлық шараны жоғары бағалайды. Азаматтарға бейбіт шерулер өткізуге мүмкіндіктер беру және парламентарийлердің орны мен лауазымын көтеру жөніндегі Президент Қ.Тоқаевтың бастамаларын құптап отырмыз. Еуроодақ әлеуеті зор, озық ел ретінде Қазақстанға инвестицияларын жалғастыруы керек. Мен Еуропарламент делегациясының басшысы ретінде осы қарым-қатынастарымыз бен инвестициялардың кепілгері болуға тырысамын.