Хабар телеарнасы

Ақмола облысында сібір жарасына орай жарияланған карантин алынып тасталды

Бұл туралы облыстың бас ветеринары мәлімдеді. Мал дәрігерінің айтуынша, қазір ауылға аусыл ауруынан төніп тұрған қауіп жоқ.

Екі аптадан астам уақыт мұнда мал өнімдерін кіргізіп-шығаруға тыйым салынып, осы аралықта барлық санитарлық жұмыс жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде қауіпті індеттің қоздырғышы қайта анықталмапты. Енді осы ауыл малдарына жылына бір емес, екі рет екпе салынады. Ал ірі қаралардан сібір жарасын жұқтырып ауруханаға түскен 5 адам дерттерінен айықты. Оқиға орнында он шақты күн жұмыс істеген ғылыми-зерттеу институтының мамандары бұл аурудың малға қайдан жұққанын анықтай алмады. Болжам ғана бар.

Базарбай Бұлашев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

- Болжам бойынша, ол көпжылғы сібір жарасы көбінділерінің болуы. Екіншіден, жер қазатын кеміргіш жәндіктердің жер астындағы топырақты жер бетіне шығаруы. Үшіншіден, мынау қолданылған вакцинаның сапасына байланысты. Бұл вакцинаның сапасы лабораторияда тексерілу үстінде.