Хабар телеарнасы

Азат Перуашев Жолдауға қатысты пікірін білдірді

Ол науқанда партиялар белсенді болуы керек. Саясаттың, мемлекеттің дамуы сол көппартиялылықпен байланысты екендігіне тоқталды.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Мемлекет басшысының Жолдауы «Ақ жол» партиясы үшін қолайлы болды. Әсіресе осы көппартиялық жүйеге байланысты Мемлекет басшысының бастамалары расында дұрыс бағыт болды. Біз егер демократиялық жолмен әрі қарай жүре берсек, көппартиялық жүйені дамытып, алға қарай жылжытуымыз керек деп санаймын.

Жолдаудың өзге бағыттары жөнінде де айта отырсақ. Жалпы барлық сала қамтылды деуге болады. Кәсіпкерлікті қолдауға жеке тоқталып өтті.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Жолдау түрлі тақырыптарға арналған болатын. Соның ішінде біздің партия үшін бизнестің қолдауына бірнеше маңызды бастама пайда болып отыр. Мысалы орта бизнесті қолдау бастамасы. Бұған дейін бұл салаға осындай дәрежеде назар аудармаған. Біздің фракциямыз Үкіметке бірнеше депутаттық сауал жолдаған болатын. Міне Мемлекет басшысы өз Жолдауында да орта бизнеске ерекше мән берді. Өте табысты бастама болайын деп тұр. Сонымен қатар банктер беретін несиені ұзақ мерзімді және қолжетімді етіп беру деген ұсыныстар пайда болып отыр.