Хабар телеарнасы

Қарқаралыдағы өрт 2500 гектар алқапты шарпыды

Қазір қызыл жалын 2500 гектар алқапты жалмаған. «Оның шамамен 30% орман-тоғай», – дейді облыстағы ТЖҚ басшысы. Айлап жаумаған жаңбыр мен аптап ыстықтың және қатты желдің салдарынан өрт өршіп, ырық бермей отыр. Қазір оқиға орнына 170 өрт сөндіруші мен 27 техника, тіпті су шашатын құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды. Өрттің шығу себебін арнайы комиссия анықтайды. Ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Көмекке Ұлттық ұлан әскери бөлімінің 85 сарбазы және 7 техника жіберілді.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД басшысы:

- Өртті сөндіру қиынға соғып тұр. Күннің ыстығы және қатты жел әсер етпей қоймайды. Кешегі күні 10-15 метр жылдамдықпен соқты. Күнде желдің бағыты ауысуда. Өрт болып жатқан таулы жерлерге техника бара алмайды. Тек қана тікұшақпен және жаяу жүріп сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.