17:00Эфирде: Телевикторина. "Бегом за деньгами"
18:00Әрі қарай: Новости. Итоги дня
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Жолаушы қызды зорлаған жолсеріктер 2,5 жылға сотталды

  • Категория: Сюжеттер
Жолаушы қызды зорлаған жолсеріктер 2,5 жылға сотталды

Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұрлы жол – Ақтөбе» жолаушылар пойызында әйел зорлау оқиғасы бойынша Қостанай қалалық соты үкім шығарды.

Күдікті деп танылған екі жолсеріктің әрқайсысын 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда соттың бұл шешімі заң саласы мамандарының да көңілін күпті етті.

«Нұрлы жол – Ақтөбе» жолаушылар пойызында әйел зорлады» деп айыпталған жолсеріктер Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманизовқа Қостанай қалалық соты осындай үкім шығарды. Ал прокурор топтық зорлау бабы бойынша күдіктілердің әрқайсысына 6 жыл 6 айдан сұраған болатын. Бірақ соттың айтар уәжі басқа.

Оразбай Сатыбалды, Қостанай қалалық сотының судьясы:

- Әрине, бұл қылмыс екі және одан көп адам қатысқан түріне жатқызылады. Алайда алдын ала келісім бойынша жасалмаған. Мысалы біреуі аузын жауып, аяқ-қолын ұстап, екіншісі зорлау әрекетін жасағандығы анықталған жоқ. Сондықтан айыпталушылардың ісі құр зорлау ретінде 120-баптың 1-ші бөлігіне ауыстырылды.

Соттың бұл шешімі заңгерлер арасында да екіұдай пікір тудырды. Судьяның кәсіби біліктілігіне күмән келтіргендер де бар.

Джоһар Утебеков, адвокат:

- Екі қаскүнем кезекпен барып, күш көрсетіп жыныстық қатынас жасаса, оның үстіне бір-бірін танитын болса, онда олардың ісі топтық зорлау деп бағаланады. Жоғарғы сот өзінің нормативтік қаулысында зорлау турасында осындай түсінік береді.

Әйел зорлағандарға сот соншалықты жеңіл жаза тағайындағанына прокуратура да түсінбей дал. Олар: «Үкімнің қаншалықты заңға сай келетіндігін саралап көреміз», – деп отыр.

Абырой Азаматов, бас көлік прокуратурасының аппарат басшысы:

- Сот барысында прокурор айыптауды толық көлемде қолдап, кінәлі адамдарға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағандығын хабарлайды. Сот өзге шешім қабылдады. Қазіргі таңда сот үкімінің заңдылығы мен негізділігі зерделенуде.

Айыпталушылар қылмысын мойындаған жоқ. Енді олар 2,5 жыл Құсмұрын коллониясында жазасын өтейтін болады. Ал жәбірленуші жақ наразылық білдіріп, қайтара сотқа бермек.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Сондай-ақ...