Хабар телеарнасы

Елбасы келешек ұрпаққа уақыт капсуласын қалдырды

Яғни келешек ұрпақ Елбасы жолдауын 2049 жылы оқи алады. «Сол уақытта мына тұрған сіздер елге қызмет ететін жасқа жетесіздер», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Шарада Елбасы жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық. Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бірақ Қазақстан және оның азаматтары өз даму жолымен ілгерілеуін жалғастыра беретін болады.

Капсула – сақ дәуірінен келе жатқан дәстүр бойынша табиғи тастың астына қойылды. Онда ұлттық ою-өрнектер көрініс тапқан. Сондай-ақ «Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласы» деген жазу бар.