18:00Эфирде: «Жас домбыра» концерті
20:00Әрі қарай: Концерт «Жастар әні»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Су қауіпсіздігі қағидасын бұзғандарға айыппұл салынды

  • Категория: Сюжеттер
Су қауіпсіздігі қағидасын бұзғандарға айыппұл салынды

1 маусымнан бастап еліміздің су қоймаларында «Скутер» акциясы өтіп жатыр.

Мақсат – шағын су құралдарының қолданылу тәртібін тексеру. Акция аясында БҚО-да 9 тексеріс жүргізіліп, кәсіпкерлерге 6 айыппұл салынған.

Судағы қауіпсіздік қағидасы ескеріле бермейді. Жиі кездесетін кемшіліктің бірі – кемеге адамдардың шамадан тыс көп мінуі.

Момыш Ермеков, БҚО көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

- Екі кеме иесіне жолаушыларды нормадан артық тиегені үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар бір айыппұл өте өрескел құқық бұзушылық болып табылады. Бұл құқық бұзушылық аясында кеме иесінің көлік жүргізу куәлігінсіз жүргені анықталды. Шағын көлемді кемені жүргізетін кез келген адамның оған рұқсат беретін куәлігі болуы тиіс.

«Скутер» акциясы басталғалы 6 кәсіпкерге айыппұл салынған. Қазынаға 60 мың төленіпті. Жүргізілген рейд барысында тағы 2 хаттама толтырылды.

Денис Жигалин, шағын көлемді кеме жүргізушісі:

- Мен құтқару жилетін кимеген едім. Сол үшін айыптымын. Осы жолы ұмытып кетіппін. Әйтпесе үнемі киеміз, ереже бойынша кию керек екенін де білеміз ғой.

Әлия Жұбаниязова, Орал қаласының тұрғыны:

- Мұнда да катерге отырғызғанда әуелі қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, «жилеттерді киіп отыру керек», «тұрып кетпеу керек» деген ескертулерге қарамастан, бақылап, қарап және тексеріп отырған абзал.

Момыш Ермеков, БҚО көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

- Инспекцияда штат саны бойынша 3 адам қызмет етеді. Қазіргі уақытта шағын көлемді кемелерді 100% қадағалау мүмкін болмай тұр. Сол бағытта көліктік бақылау инспекциясымен, суда құтқару жасағымен, Төтенше жағдайлар департаментімен, жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс-шараларымыз бар.

Суға шомылу маусымы басталғалы өңірдің су қоймаларында 12 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Тек қауіпсіздік қағидаларының қатаң сақталуы ғана қайғылы статистиканың азаюына сеп болары сөзсіз.

Авторлары: Ерденбек Жылқайдарұлы, Руслан Ғазезов

Сондай-ақ...