18:00Эфирде: «Жас домбыра» концерті
20:00Әрі қарай: Концерт «Жастар әні»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Полиция Алматыдағы қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қатысты мәлімдеме жасады

  • Категория: Сюжеттер
Полиция Алматыдағы қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қатысты мәлімдеме жасады

10 маусым күні Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтті.

Оған қатысқандар қоғамдық тәртіпті бұзып, жол қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Қалалық Полиция департаментіне 1200-ден аса арыз-шағым түскен. Тұрғындар шу шығарғандардың әрекетіне наразылық танытып, оларды тыныштандыруды өтінген. «Сондықтан тәртіп сақшылары оларды полиция бөлімшесіне жеткізуге мәжбүр болды», – дейді Марат Қожаев.

Бейнебақылау камерасына жазылған мына кадрларда көлік тізгіндеген адамдардың Төле би көшесі мен Абай даңғылын жауып тастағаны анық көрінеді. Олар қозғалысқа кедергі келтіріп, жол апатының туындауына түрткі болды. Куәгерлердің сөзінше, жиналғандардың кейбірі алкогольді ішімдік ішкен. Олар шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Кез келген жиынды, шеруді немесе митингті ұйымдастыру үшін алдымен рұқсат алу қажет. Ол заңда анық жазылған. Мұндай наразылық шерулерді өткізудің өзіндік орны болады. Бірақ Алматы Арена маңындағы митингті ұйымдастырғандар ол талаптарды бұзды. Жиылғандардың арасында ақын Ринат Зайытов та болды.

Наразы топ қас қарайғанша тарқамады. Қалалық Полиция департаментіне 1200-ден аса арыз-шағым келіп түскен. Дені түнгі митингке қатысты. Тұрғындар шу шығарғандардың әрекетіне наразылық танытып, оларды тыныштандыруларын өтінген. Бірақ ашуға булыққан жұрт тәртіп сақшыларының ескертуін елемеді. Тіпті жол қозғалысын реттеп тұрған бір полицейді көлікпен қағып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Енді бірі Ішкі істер органдарының қызметкерлері мінген көлікке тас лақтырып, бұзақылық жасады. Кейін әлгі күдіктілердің мас екені анықталды. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Жергілікті билік өкілдері жиылған жұртты сабырға шақырды. Прокуратура өкілдері де олардың бұл әрекеті заңға қайшы екенін айтты. Бірақ наразы топ ешкімді тыңдаған жоқ. Сондықтан тәртіп бұзғандарды полиция бөлімшелеріне жеткізумізге тура келді.

Қазір қалада жағдай тұрақтаған. Полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Олар өзге тұрғындардың өміріне қауіп төнбеу үшін қоғамдық орындарды жіті күзетпек. Ал заңға қайшы әрекет еткендер міндетті түрде жазаланады.

Сондай-ақ...