20:00Эфирде: Концерт «Жастар әні»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады

  • Категория: Сюжеттер
Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады

ҚР Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түсуде.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі, әртүрлі мүдделі тараптарды келісімге келтіру қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген. «Қазақстан – орнықты даму мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келетін бірегей мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын қылу мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ...