18:00Эфирде: «Жас домбыра» концерті
20:00Әрі қарай: Концерт «Жастар әні»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ЕҚЫҰ сайлау мен оның барысында болған құқықбұзушылықтар жайлы мәлімдеді

  • Категория: Сюжеттер
ЕҚЫҰ сайлау мен оның барысында болған құқықбұзушылықтар жайлы мәлімдеді

ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы және парламенттік Ассамблеясы атынан келген байқаушылар президент сайлауына қатысты өздерінің алдын ала қорытындыларын жариялады.

Миссия құрамына 40 елден келген 339 байқаушы кірген. Олар 1350 учаскеде жұмыс істеп, 116-сында дауыс санауға қатысқан. Миссия басшысы Уршула Гацектің айтуынша, саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алайда келеңсіздіктер де болмай қойған жоқ. Дауыс беру күні байқаушылар 23 учаскеде жәшікке бірнеше бюллетеннен тастау деректерін анықтаған. Тағы 19 орында осындай деректі айғақтайтын бейнежазбалар алған.

Джордж Церетели, ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқаушылар миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі:

- Бұл сайлау қазақстандық қоғам үшін маңызды сәт болды. Өйткені бұл – ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген Тұңғыш Президент қатыспаған алғашқы сайлау. Жеті үміткер, оның ішінде алғаш рет әйел үміткер болса да, сайлау шынайы демократиялық шоғырлану мен саяси-әлеуметтік және құқықтық реформалардың қажеттілігі бар екенін көрсетті.

Сондай-ақ...