Хабар телеарнасы

А.Таспихов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала жарияланған нәтижесімен келісетінін айтты

Ол саяси науқанның қорытындысын Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлауалды республикалық қоғамдық штабында сенімді өкілдері және кәсіподақ ұйымының белсенділерімен бірге білді. Еліміз бойынша сайлау кампаниясы кезінде Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасын халыққа таныстыру үшін 2 мыңға жуық сенімді өкілі жұмыс істеді. Әрбір аймақта аз дегенде 20-30 іс-шара өткізді. Аманкелді Таспихов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала жарияланған нәтижесімен келісетінін айтты.

Аманкелді Таспихов, БҚО Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Қазақстан халқының таңдауы осылай болды. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлына 70% астам дауыс берген. Ол саясатты қолдағанын көрсетіп отыр. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ деп есептейміз. Ашық жариялы түрде жүрді. Ешкім ешқандай кедергі келтірген жоқ. Қолымыздан келгенше сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Халықтың қалауы солай болып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Президенті болуымен құтықтаймын! Сәттілік тілеймін!