Хабар телеарнасы

Сайлау учаскелеріне келіп жатқан азаматтар қатары минут сайын артып жатыр

Айбар Төлжанұлы, тілші:

- Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатқанын айтты. 45 минут бұрынғы деректерге сүйенсек, дәл қазір қазақстандық сайлаушылардың 65,9% дауыс берген. Елордалық сайлаушылардың 49,6%, Алматы қаласындағы сайлаушылардың 45,7%, шымкенттіктердің 55,6% өз таңдауларын жасап үлгерген. Әзірге ең көп Ақтөбе облысының сайлаушылары дауыс берген. Одан кейін Алматы облысының жұртшылығы 78,9%. Ақмола облысындағы сайлаушылардың 75,1% дауыс беріп үлгеріпті.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Дауыс беруге әлі де үш сағатқа жық уақыт бар екенін ескерте кетейік. Сондықтан өз таңдауыңызды жасап үлгересіз. Қазір тиісті сайлау учаскесінде байқаушылар, оның ішінде шетелдік байқаушылар да бар. Мамандар сайлау учаскелерінде заңбұзушылық болмағанын айтты. Әр минут сайын өз таңдауын жасауға сайлау учаскелеріне келіп жатқан азаматтар көбеюде.