Хабар телеарнасы

Ақтөбе қаласында қарттар дауыс берді

Мәселен, Ақтөбедегі №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үш сағаттың ішінде өз таңдауларын жасады. Мұнда 219 жалғыз басты қарт пен І және ІІ топтағы мүгедектер бар. Орталықта орналасқан №125 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бірқатар қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары шара барысын бақылады.

Рулан Аминов, байқаушы:

- Жабық мекеме болғасын барлық сайлаушылар іште болды. Барлығы белсенді, ертеңгісін ашқан бойда дауыстарын берді. Бұл қарттар, мүгедектер үйі болған соң орындарынан тұра алмайтын адамдарға кішкентай жәшікті алып, еріп бардық. Әркім өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Біз тек тіркедік, санадық. Жақсы деңгейде өтті деп айта аламын. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.