Хабар телеарнасы

Сайлау учаскелеріне келген азаматтар өздерін тізімнен таппаған жағдайда ХҚКО мамандарына жүгіне алады

Сайлау учаскелері таңнан бері дауыс берушілерден босаған емес. Өңірдегі саяси науқан барысы қалай жалғасып жатыр? Халықтың көңіл күйі қалай?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Маған келіп түскен мәліметтер бойынша сағат 16-00 дегі көрсеткіш шығысқазақстандықтардың 70% жуығы дауыс беріп үлгерген екен.

Дауыс беру қаладағы 120 учаскеде үздіксіз жүріп жатыр. Жас кәрі демей, барлығы да бір адамдай атсалысуда. Тіпті бала-шағаларын ертіп келіп дауыс беріп жатқан жас отбасылар көп екенін де байқадық.

Барлықтарының көңіл-күйлері көтеріңкі. Сайлау учаскелеріне келген азаматтар өздерін тізімнен таппаған жағдайда сол жерде отырған Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына жүгіне алады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да барлық учаскеде өздеріне қолайлы жағдайда дауыс беруде.

Жалпы бұл сайлауды жергілікті партия және қоғамдық ұйымдар тарапынан 2559 байқаушы бақылап отыр.

Аяужан Әшімова, «Аманат» азаматтық платформасы ШҚО бойынша филиалы жетекшісінің орынбасары:

- Иә таңнан бері бақылаудамыз.

Айта кету керек, сайлауды Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 1 азамат, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 2 адам және ТМД елдері миссиясынан 20-дан астам адам бақылап жүр. Тағы бір маңызды ақпарат, прокуратура мен сот орындарын берген деректерге сай әзірге сайлау барысындағы заңдылықтардың бұзылғаны жайлы ешқандай арыз-шағым түспеген.