Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында егіз қыздар саяси шараға бірінші болып келді

Солардың қатарында егіздер Әсел мен Әнел де бар. Қыздар жексенбілік демалысқа қарамастан саяси шараға бірінші болып келген. Екеуі де – студент, болашақ аспазшылар. Олар апалы-сіңілі болғанымен әрқайсысы өзі шешім қабылдап, таңдауын жасады.

Айтуларынша, мемлекеттің келешегі әрбір тұрғынға байланысты. «Сондықтан бүгінгі саяси науқанға немқұрайлық танытуға болмайды», – дейді жастар.

Айта кету керек, аймақта 484 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 117-сі Тараз қаласында орналасқан. Барлығы таңғы 07:00-ден бастап қызу жұмыс істеп жатыр.

Әсел Мұстафина, Тараз қаласының тұрғыны:

- Осы саяси науқанға қатысқаныма қуаныштымын. Біз үшін өте жауапты күн болды. Біздің болашағамыз осы сайлауға тікелей байланысты. Біз өз болашағымыз үшін және Жастар жылы болғандықтан, осы сайлауға келіп отырмыз. Мен жастарды осы сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Өйткені мен – өз Отанымның патриотымын.