Хабар телеарнасы

СҚО-да сайлау науқанына ауыл тұрғындары белсенділік танытуда

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Якорь елді мекенінде бүгінде 900-ден астам үй түтін түтетіп отыр. Айта кету қажет, таң сәрімен малын өріске шығарған тұрғындар жаппай дауыс беру учаскелеріне ағылып жатыр. Ауылда мерекелік көңіл-күй сезіледі. Учаскеге келгендерге жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырған.

Сағындық Сүлейменов, №318 сайлау бөлімшесінің төрағасы:

- Сайлауға қатысатын 1454 адам тіркелді. Олардың ішінде 56 адам сайлау науқанына алғаш рет қатысып жатыр, 20 адам өз таңдауын үйінде береді, ал 3 адам мүгедектер тобына жатады.

Қазір өңірде 663 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 93-і Петропавл қаласында болса, қалғандары аудан және ауылдық жерлерде орналасқан.