Хабар телеарнасы

Аймақтардағы азаматтар таңдау құқықтарын жасап жатыр

Қазір қалада 120 учаске жұмыс істеп тұр. 244 667 сайлаушы тіркелген. Жалпы ШҚО бойынша 1 040 сайлау учаскесі бар. 1 млн-ға жуық сайлаушы дауыс береді.

Павлодар облысы бойынша дауыс беру 543 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін барлық сайлау учаскесінде арнайы кабиналар орнатылды. Мониторы бар компьютер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру құралдары, үлкейткіш әйнек қойылған бұрыш жасақталған.