Хабар телеарнасы

Бас шаһардағы 238 сайлау учаскесінің есігі азаматтар үшін айқара ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы 238 сайлау учаскесі азаматтар таңдауын қабылдауда. Дауыс беру орталықтары бас қаланың мемлекеттік мекемелерінде орналасқан. Сайлау учаскелерінің жұмысы басталысымен елорда тұрғындары өз таңдауларын жасап та үлгерді.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

- Астана концерттік залында 2 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Сайлау учаскесінің жұмысы санаулы минут бұрын басталғанымен, сайлаушылар белсенділіктерін білдіріп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасауда. №138 сайлау учаскесі 3028 адамды қабылдайды деп жоспарланған. Қазір біз тұрған сайлау учаскесінде сайлау комиссиялары және халықаралық байқаушылар, оның ішінде азаматтық қоғам топтарынан жасақталған байқаушылар өз жұмыстарына кірісіп кетті.