Хабар телеарнасы

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді

Депутаттар бірауыздан қолдады. Елдің конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырып, отандық парламентаризмді дамытудағы Тұңғыш Президенттің өлшеусіз еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс. Осылай деген Сенат депутаттары бұл жоғарғы палатаның беделін арттыратынын атап өтті. «Елі текті ұлын төбеге көтерсе, оған көрсеткен құрметі», – деді сенаторлар. Енді Елбасы Сенат отырыстарына қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады, бірақ дауыс беру құқы қарастырылмаған.

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстанның барлық жетістігі, еліміздің халықаралық беделі, тұрақты дамуы – Тұңғыш Президент – Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Тәуелсіз мемлекеттің 27 жылдық даму даңғылында өмірдің барлық саласында табысты реформалар жүргізді. Әділ әлеуметтік саясат, қоғамды демократизациялау – Елбасының стратегиялық бағытының нәтижесі. Оның идеялары жалпыұлттық құндылықтарға айналды. Елбасы қандай мәртебеге болсын лайық тұлға.