16:00Эфирде: «Загадай желание» кино
18:00Әрі қарай: «Большая игра» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылды

  • Категория: Сюжеттер
Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылды

Алматыда аңызға айналған кинорежиссер Шәкен Аймановтың ескерткіші ашылды.

Бұл – «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» сынды туындыларды дүниеге әкелген талантқа көрсетілген құрмет.

Кино және театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға Шәкен Айманов қазағының ортасына қайта оралды. Кинорежиссердің жылы жымиған осы жүзі көптің есінде болар. Шығармашыл жанның бүкіл болмысын ашқан мүсіннің авторы – Нұрлан Далбай. Ескерткіштің ашылуына жиналған өнер майталмандары Шәкен Айманов жайлы естеліктерімен бөлісті.

Асанәлі Әшімов, КСРО халық артисі:

- Шәкең Мәскеуде өткен бірінші бүкіләлемдік кинофестивальде би билегені есімде. «Буги-вуги» биі жаңадан шыққан кезі еді. Элизабет Тейлормен билеп, бірінші орын алғанына куәгермін.

Мүсіннің Алматы қонақүйінің алдына орнатылуының өзіндік себебі бар. Кинорежиссердің атақты «Тақиялы періште» фильмінің негізгі кадрлары осы жерде түсірілген.

Нұрлан Смағұлов, Astana Group президенті:

- Бұл – Шәкен Аймановтың табаны тиген жер. Жарқын тұлғаның мүсіні қаланың тарихи орталығының мәнін аша түседі деп ойлаймын.

Танымал тұлғаның мүсіні орнатылған бұл жер енді қала тұрғындары мен қонақтарының демалып, естелікке суретке түсетін жеріне айналмақ.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Сондай-ақ...