Хабар телеарнасы

АЭФ-ке Халықаралық валюта қоры ерекше назар аударып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылымның басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесуінде осылай деді. Президент мәртебелі мейманның елордаға арнайы ат басын бұрғанына алғыс білдірді. Өз кезегінде Кристин Лагард шараның халықаралық қоғамдастыққа пайдалы тұстарын әңгімеледі. Сондай-ақ әр кездері Қазақстанның елордасына келу зор құрмет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сізбен Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Астана экономикалық форумына қатысуыңыз оның жұмысы және Үкімет үшін өте пайдалы болады деген сенімдемін.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

- Көп рахмет! Нұр-Сұлтан атты елордаларыңызға қайта келіп отырғаныма мен де қуаныштымын. Астана экономикалық форумына соңғы рет 2016 жылы қатыстым. Сол кезде шарадан зор әсер алдым. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездескенім есімде.