ХІІ Астана экономикалық форумына 5000-нан аса делегат келді

Ал цифрлық жаңалықтар үйреншікті экономиканың болмысын өзгертеді. 2030 жылға қарай әлемдегі жұмыс күшінің 14% не мамандық ауыстырады, не қайта оқытылады. АЭФ-те Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһанға ортақ көптеген мәселеге қатысты өз пікірін айтты. Биылғы жиынға 5000-нан астам делегат келді. Халықаралық деңгейдегі сарапшылар АЭФ экономикалық, қаржылық және әлеуметтік мәселелер талқыланатын маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

Бұл – тұтас Еуразияға танымал іс-шара. Астана экономикалық форумының жүріп өткен жолына қарап, талқыланған тақырыптардың өзектілігін, мұнда айтылған ұсыныстардың ұтымдылығын қаперге алсақ, өткен 11 жылдың ішінде бұл жер нағыз ақылдасу алаңына айналғанын аңғарамыз. Ең бастысы, салмақты сараптама, тұщымды тұжырым айтатын орта саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы продолжаем работу по вхождению в число 30 наиболее развитых стран мира. Принята стратегия развития до 2050 года, которая нацелена на это. Взяли ориентир на внедрение стандартов качества жизни стран ОЭСР. Приняли План нации по реализации пяти институциональных реформ. Этот документ получил высокую оценку именно на Астанинском экономическом форуме.

Жаһандық экономикадағы жағдайға қарап, жайбарақат отыруға болмайды. Елбасы сан өзгерістерге, сонымен бірге мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қатысты өз пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы с вами видим эскалацию торговой напряженности между США, Китаем и Европой, макроэкономический стресс развивающихся экономик, рост политического популизма, санкционные противостояние между США и Россией. Если к этому прибавить ещё нарушение международных соглашений в области ядерной безопасности и обычных вооружений, то становится ясным – это тревожно. Это никому не несет добра. Мировая экономика по разным оценкам будет терять не менее 0,7-0,8% прироста. На этом фоне мир вступает в период глобальной социальной, экономической и технологической трансформации. Она несет народам всех стран, как вызовы, так и возможности.

Астана экономикалық форумы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының төл жобасы. 2008 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғашқы жиын өтті. Сол кезде-ақ жаһандық экономикада күрделі өзгерістер болып жатқан тұста пікірлесудің халықаралық алаңы керек екені анық еді. Содан бері әлемді әбігерге салған көп мәселе осы жерде талқыға түседі. Бұл жолғы жиында да Елбасы келер күнге көз тастады, нақты ұсыныстарын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Увеличение численности населения перестает играть ключевую роль в росте национальных экономик, а основным драйвером становится производительность труда. За последние 50 лет только треть ежегодного роста ВВП в развитых государствах была получена за счет естественного прироста населения и увеличения количества трудоспособного возраста. Остальная была получена именно за счет роста производительности труда.

Еңбек өнімділігін жақсарта алған елдер келешектің бәсекесіне қабілетті болады. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Ал қазіргі кезде еңбек өнімділігінің өсу әлеуеті жылына кем дегенде 2% бола алады. Бұл тұста цифрлық технологиялардың орны ерек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Цифровые преобразования меняют облик привычной нам экономики. Глобальный экономический ландшафт сегодня определяется высокотехнологичными компаниями. К примеру, ТОП-5 компаний по рыночной стоимости представляют технологические гиганты - Apple, Google, Microsoft, Amazon и Tencent, которые вытесняют традиционные промышленные и инвестиционные корпорации. Их совокупная стоимость составляет порядка 3,5 триллионов долларов, что сопоставимо с ВВП некоторых развитых государств. Так, например, ВВП Германии составляет около 3,6 триллионов долларов.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен мәселе – адами капиталға деген талапты күшейту мен білім процесін трансформациялау. Қазіргі заманның тілімен айтсақ, мобильді әрі креативті адамдар экономиканы табысқа жетелейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Благодаря развитию и повышению доступности технологий, уже сейчас половина рабочего времени в мировой экономике может быть автоматизирована. В этой связи, к 2030 году порядка 375-ти миллионам человек по всему миру, а это около 14% глобальной рабочей силы, потребуется пройти переобучение и сменить профессию. Кроме того, внедрение новых технологий делает некоторые специальности невостребованными и в то же время ведёт к появлению новых профессий. Даже в странах с низким и средним уровнем дохода многие люди работают по специальностям, о которых 30 лет назад мы не слышали.

Жер шары тұрғындарының 55%, нақтырақ айтсақ 4 миллиарды қалаларда тұрады. 2050 жылға қарай шаһар халқының саны екі есеге өседі деп топшылайды сарапшылар. Бұл – он адамның жетеуі қалалық болады деген сөз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Инвестиции теперь приходят не в страны, а в города. Уже сейчас там генерируется более 80% мирового ВВП, а урбанизация может способствовать устойчивому росту, если она происходит за счет повышения производительности и внедрения инноваций. Казахстан также развивается в русле общемирового тренда урбанизации. Наши крупные города продолжают прирастать. Они станут точками роста, и как магнит будут притягивать людей, знания и технологии. Будущий успех наших городов – ключевой фактор конкурентоспособности Казахстана на мировом рынке.

Экономикалық жоспарлаудың аясы тарылып барады. Қысылтаяң шақтан шығудың жолы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ұйымдар мен форумдарды атады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Пришло время переходить к совместному обсуждению и управлению. Как я предлагал недавно на втором Форуме «Один пояс, один путь» в Пекине, устойчивую глобальную архитектуру можно воздвигнуть на базе «Трёх Д» – «Трех диалогов». Первый – между США, Россией, Китаем и Европейским Союзом. Это крупнейшие экономики, от которых зависит судьбы человечества. Второй – на уровне Евразии с объединением потенциалов Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии и Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе. И третий – это инвестиционный диалог между ЕАЭС, Евросоюзом, ШОС и АСЕАН.

Бізді бітімгер ел ретінде біледі. Елбасы көптеген халықаралық түйткілді оң шешуге өз үлесін қосып келеді. Нұр-Сұлтанда өткен бірқатар жаһандық деңгейдегі жиындар Қазақстанға деген сенімнің бір көрсеткіші.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Разногласия между сторонами служат препятствием для прагматичного экономического взаимодействия. Наконец, важно переходить от непродуктивного режима санкций к прямому диалогу между лидерами ключевых глобальных держав, которые определяют будущее всего мира. В этой связи, необходимо обсуждать пути выхода из сложившегося геополитического кризиса между представителями США, Китая, России и Евросоюза. Я веду переговоры с лидерами этих государств.

Биылғы форумға да әлемдік ақпарат құралдары ерекше мән беріп отыр. 30 елден келген тілшілер жаһанға ақпарат таратты. Жиынға қатысқан сарапшылардың да қарасы қалың. 74 мемлекеттің өкілі саясаткерлер, іскер адамдар, ғалымдар сан саланың түйткілді мәселелерін талқыға салды.

Хань Чжэн, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары:

- 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясаткер ретінде АЭФ өткізу бастамасын көтерді. Содан бері бұл алаң жаһандық деңгейдегі экономикалық, қаржылық және әлеуметтік мәселелер талқыланатын алаңға айналғанын айтқым келеді. Ал Қазақстан мен Қытай – достығы жарасқан көрші әрі стратегиялық әріптес. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы осында көтерілгенін және біз бірінші болып шекара мәселесін шешкенімізді атап өткім келеді.

Форум өткен он жылдан астам уақыттың ішінде қазақтың кіндік қаласына 150 мемлекеттен 50 мыңнан астам делегат келіпті. Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары мен жоғары деңгейдегі саяси қайраткерлер бар. Беделді сарапшылардың көбі осы жолы да сөз сөйледі.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

- Шапшаң қимылдауымыз керек, бірақ асықпау қажет. Ақын Абайша айтсақ, ақырын жүріп, анық басу қажет. Сондықтан да мен осы идеяны басшылыққа алғым келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің өсімге қатысты пікірімізді атап өтті. Соңғы екі жылды алсақ, әлемдік экономиканың 75% жылдам дамып келеді, алайда биыл жаһандық ішкі жалпы өнімнің 70% бұл өсімді баяулатты. Мен бұл жерде рецессияны меңзеп тұрғаным жоқ. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай бәсеңдеу бар екені байқалады.

Кристин Лагардтың айтуынша, былтырғы көрсеткіштерге қарағанда, биылғы өсім 3,3% құрайды. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры: «Өсімді тұсайтын кедергілер болмайды деп үміттенеміз», –деді. Бірақ тап басып айту қиын.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

- Қазіргі қысылтаяң шақтың беті бері қарайды деп үміттенеміз. Елбасы мырза, осы тұста Сіздің арағайындылығыңыз көмектеседі деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен мәселелердің ішінен аймақтағы еңбек өнімділігін кем дегенде 2% арттыру жайы ерекше қызықтырады. Біз оған қуаныштымыз.

Армен Саркисян, Армения Республикасының Президенті:

- Бәріміз адам болғандықтан, армандаймыз, қиялға ерік береміз. Мен 90-шы жылдардың басында ең алғаш рет осы жерге ат басын тіредім. Шағын қала болды, бәлкім қазір қала деуге де келмес. Міне содан кейін мен айтып отырған арман Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігерінің арқасында орындалды. Қазір біз бәріміз керемет қала Нұр-Сұлтанда тұрмыз. Бұл шаһар Еуразияның жүрегі ғана емес, Еуразияның астанасы деуге лайық.

Ұлттық қорға жинаған қаражат экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік беріп отыр. Одан кейінгі мәселе – индустрияландыру. «Алты жылдың ішінде 1300 жаңа кәсіпорын бой көтерді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Екінші бағыт – инфрақұрылымды дамыту. 30 млрд доллар қаражат жұмсалып, Қазақстан бойынша автокөлік жолдары салынды. Сұрақ-жауап кезінде Елбасы сан салада атқарылған істер жайында баяндады, мақсат-міндеттерді атады.

Әлеуметтің әл-ауқаты, тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім – Қазақстанның басты ұстанымдары. Елбасы сөзін осылай түйіндеді.

Дархан Әбдуахит, тілші:

Форум өткен 11 жылдың ішінде 300-ден астам келісім бекітілген. Олардың құны ақшаға шаққанда 20 млрд доллардан асады. Қаржы тұрғысынан да, қатысушыларының беделі жағынан да АЭФ аймақтағы жиындардың алдында тұр.

Авторы: Дархан Әбдуахит