Хабар телеарнасы

Central Asia’s Got Talent мегажобасына іріктеу жалғасуда

Байқау ән, би, қолөнер, спорттық жарыстар сияқты адамның қарым-қабілеті мен талантын танытатын кез келген жанрды қамтиды. Сайыстың Қазақстанда өтетін телевизиялық нұсқасын «Хабар» Агенттігі көрсетеді. Іріктеу шілде айының ортасына дейін жалғасады. Жобаның ерекшеліктері мен ережелерін таныстыру үшін Алматыға Fremantle Media компаниясының атқарушы продюсері Джонатан Боллен арнайы келіп, семинар өткізуде. Қазіргі уақытта таланттар байқауына қатысуға елімізден 500-ге жуық өтініш түскен. Халықаралық байқауға іріктеу Алматымен қатар, Душанбе, Ташкент, Бішкек қалаларында да өтіп жатыр. Оған қатысу үшін бейнероликте көрсетілген байланыс нөміріне хабарласу керек.

Джонатан Боллен, Fremantle Media компаниясының атқарушы продюсері:

- Бұл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Бойында белгілі бір өнерге деген қабілеті болса болды. Аталмыш мегажобаның жалпы жүлде қоры 22 млн теңгені құрайды.

Жарнама орналастыру жөніндегі сауалдар бойынша байланыс телефон нөмірлері: 8/7172/ 757 554, 757 556