01:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Майдан жолы» іздестіру жасағы Ленинград қоршауынан оралды

  • Категория: Сюжеттер
«Майдан жолы» іздестіру жасағы Ленинград қоршауынан оралды

«Майдан жолы» іздестіру жасағы талай боздақ жер жастанған Ленинград қоршауынан оралды.

Павлодар электролиз зауытының жұмысшыларынан құралған топ жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында қанды ұрыстар болған жерлерге барып, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің денесін іздейді. Бұл жолы олар Ленинград облысына ат басын бұрды.

Бұл – Ленинград қоршауындағы аты аңызға айналған Синявин биіктігі. Ақмолада құрылған 310-шы атқыштар дивизиясы майдан жолын осында бастады. Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы да неміс басқыншыларына қарсы осы жерде соғысқан. Қызылжарлық әскери құрылымның сапында әу баста 11 мың сарбаз болса, соғыстан кейін олардың тек 3 мыңы ғана үйлеріне оралды.

Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі:

- Біз бұл жерде 40 жауынгердің мәйітін таптық. Олардың бәрі бір шұңқырдың ішіне көмілген. Не дулығалары, не қару-жарақтары болмаған. Демек, өліктерді санитарлық тәртіппен жерлесе керек-ті.

Кеудесін оққа төсеп, қайсарлықпен қаза тапқан қазақстандықтардың денесін 10 жыл бойы іздеп жүрген «Майдан жолы» жасағы Павлодар электролиз зауытының жұмысшыларынан құралған. Айтпақшы, Синявино ауданында сұрапыл соғыс жылдары 4 мың керекулік Отан үшін отқа түсіпті.

- Менің атам соғыстың алғашқы үш айының ішінде қаза тапты. Үйге тек оның өлімі туралы хат келген. Ал қалай мерт болғаны және қайда жер жастанғаны белгісіз.

- Бұл іспен бізден басқа ешкім айналыспайды. Сондықтан күн-түн демей, қара суық пен аптап ыстыққа төзіп, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз.

Қазақстандық жасақ соғыстың ізін металл іздейтін құрылғы арқылы іздеп жүр. Отандастарымыз тапқан заттардың ішінде дулыға, оқ-дәрі, тіпті үтік те бар. Бұл жолы олар 1913 жылы шыққан Льюис пулеметін тапқан екен.

Ал бұл – Эстониямен шекаралас Кенгисепп қаласы. Ұлы Отан соғысының ең ұзақ қарулы ұрыстары осында өтті. Шаһарды азат екен 314-ші атқыштар дивизиясы болатын. Осы аптада бұл қалада қазақстандық әскери құрылымның жуынгерлеріне ескерткіш қойылды.

Авторлары: Асхат Ниязов, Нургали Мамурбаев

Сондай-ақ...