01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қызылжұлдыз ауылына батыр Төлеуғали Әбдібековтің есімі берілді

  • Категория: Сюжеттер
Қызылжұлдыз ауылына батыр Төлеуғали Әбдібековтің есімі берілді

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері лайықты бағаланбай қалған қанша батырымыз бар.

Төлеуғали батыр соғыста мергендігімен 400-дей, яғни 1 батальон фашистің көзін жойғанымен, «Кеңес Одағының Батыры» атанбады. Алайда тәуелсіз еліміз есімі ұмытылған батырларды ұлықтап жатыр. Жақында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Қызылжұлдыз ауылына батырдың есімі берілді.

Жастайынан әкесінің қасында жүріп аңшылық өнерді меңгерген батыр Төлеуғали Әбдібеков ашаршылық жылдары халыққа, елге қамқор болған. Ел басына күн туғанда қаруын қайта асынып, жауға кезенді.

Жас сарбаз 1942 жылы 8-інші гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында ұрысқа түседі. 1 жылда аға сержант Төлеуғали Әбдібеков 219 фашистің көзін жойған.

Қан майдандағы 20 айдың ішінде сұр мергеннің оғы 397 фашистің ғұмырын қияды. Ал 1944 жылғы 22 ақпандағы айқаста қатты жарақат алады.

Сафия Аязбаева, Орталық мемлекеттік музейдің қызметкері:

- Төлеуғали Әбдібеков мойнына оқ тигеніне қарамай, дәл сол снайпермен фашистің маңдайынан көздеп, сол күні, сол жерде құлатады. Өзі де осы шайқас кезінде қаза табады. Кейбір деректер бойынша оқушысы осы винтовканы досы Әшірәлі Османәлиевке береді.

Әшірәлі Османәлиев осы винтовкамен жаудың 128 солдатын өлтіреді, яғни бұл мылтық 525 фашистің көзін жойған. Төлеуғали Әбдібеков майданда мергендер мектебін қалыптастырып, 32 шәкірт тәрбиелепті. Бүгінде батырдың туған жерінде ұлықтау шаралары қолға алынып жатыр.

Аманжол Дәуітов, батырдың туысы:

- Ел-жұрт «Қазақстанның халық батыры» деген атағын беру жөнінде ұсыныс жасап жатыр. Алдағы уақытта ауыл азаматтарының қаржысына жол бойына үлкен ескерткіш қойылмақ. Біздің міндетіміз – батыр бабамыздың естелігін мәңгі жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Енді Алматы-Өскемен тасжолының бойындағы Қызылжұлдыз ауылы Төлеуғали Әбдібеков есімімен аталады. Осылайша тәуелсіз қазақ елінің ұландары аталарының ерлігін дастан, өмірін өнеге етпекші.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Ұлан Нарымбек, Эдуард Кон

Сондай-ақ...