+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің әскери теңіз күштері халықаралық жарысқа дайындалып жатыр

  • Категория: Сюжеттер
Еліміздің әскери теңіз күштері халықаралық жарысқа дайындалып жатыр

Еліміздің әскери теңіз күштері халықаралық жарысқа дайындалып жатыр.

Алдағы жазда Каспий маңы мемлекеттері теңізшілерінің қатысуымен Бакуде «Теңіз биатлоны – 2019» сайысы өтеді. Кеме экипаждары әуедегі шар мен су бетіндегі минаны дәлдеп, жоюдан жарысады.

 Жазда өтетін жарысқа ең үздік кеме экипажы қатысады. Сондықтан қазір «Сарыарқа», «Орал» және «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кеме экипаждарының арасында іріктеу жүруде. Олар күнде ашық теңізге шығып, түрлі сынақтан өтіп жатыр.

Теңізшілер қарсыласқа суасты тойтарыс беруді, борттың сыртына құлап қалған адамды құтқаруды пысықтап жатыр. Сондай-ақ аталған жарыста жеке құрамның шапшаңдығы мен кәсіби шеберлігі де сыналады.

Рауан Ергебеков, «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесінің командирі:

- Жарыста экипаж құрамында 5 адам болады. 5 адамға 50 метрлік қашықтықта орналасқан құтқару плотына барып жайғасып, ескекпен есіп бортқа жүзіп келу керек болады. Тек қана секіріп емес, гидрокостюм киіп, суға түсіп жүзіп барудың бойынша 2 минутқа дейін нәтиже көрсетеміз.

Жауынгерлік дайындық әскери теңіз күштерінің оқу базасында да жүріп жатыр. Мұнда қазақстандық теңізшілер апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсетуден өзара мықтыны анықтауда. Алдымен отқа оранған каютаны сөндіріп, содан соң тесілген кемені бекітті.

Рауан Ергебеков, «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесінің командирі:

- Біз тек Каспий теңізі мемлекеттерінің арасында ғана емес, сонымен қатар өз арамызда да сайыстар өткізіп, мықтылардың ішінен мықты экипажды таңдап, сол жарыста еліміздің намысын қорғайтын боламыз.

Былтырғы өткен халықаралық теңіз биатлонында қазақстандық әскерилер екінші орыннан көрінген еді. Ал биылғы жарыста үздік болуды көздеп отыр.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Сондай-ақ...