Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
- Категория: Сюжеттер

ҚР Президенті қазақстандықтарға қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Жеделхатта: «Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді», – делінген.