Хабар телеарнасы

«Аманат» азаматтық платформасы құрылды

Оны жаңадан құрылған «Аманат» азаматтық платформасы іске асырады. Түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған топ саяси науқанға барынша белсенді қатыспақ. Кезектен тыс Президент сайлауына өз қатарынан 10 мыңға жуық байқаушы шығарады. Осылайша еліміздегі әр сайлау учаскесіне «Аманаттың» атынан бір адамнан бекітіледі. Бұл белсенділер ерікті түрде істейтін жұмыстың бір бағыты ғана. Олар сондай-ақ сайлауға дайындық, әлеуметтік желілерде дауыс берушілерді ақпараттандыру жұмысымен де айналысады.

Мұрат Әбенов, «Аманат» азаматтық платформасының өкілі:

- Жастардың жайы қалай болады? Мысалы осы уақытта емтихандары болса, олардың құқықтары қалай орындалады? Ауылда дауыс бере ме, қалада дауыс бере ме? Сайлау шекаралары да қатты ауысып жатыр. Бұл мәселені де анықтап қарамасақ болмайды. Шетелде де жүрген қазақтар көп.