18:00Эфирде: «Убить Билла 1» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанға алғаш рет Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанға алғаш рет Корея Республикасының президенті мемлекеттік сапармен келеді

21 сәуірде Қазақстанға алғаш рет Корея Республикасының президенті Мун Чже Ин мемлекеттік сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалын, және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 24 сәуірде Ақордада Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездеседі. Жиында қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар мәселе сөз болады.

Сондай-ақ...